Алматыда мемлекеттік қызметтің  95% электрондық форматта ұсынылды


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Жыл басынан бері Алматыдағы мемлекеттік қызметтердің 95 пайызы электронды форматта көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает http://fayrix.org

«Еліміз бойынша Алматы цифрлық сауаттылықтың ең жоғары деңгейін көрсетіп тұр. Бүгінде 82%-ды құрады. Алматы — БҰҰ-ның азаматтарға арналған онлайн-сервистерді дамыту рейтингіне енген Орталық Азиядағы жалғыз қала. 9 айдың ішінде мемлекеттік қызметтердің 95% электронды форматта көрсетілді», — деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Адалдық алаңы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының жаңа форматы» форумында.

Форумға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдері қатысып жатыр.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/almatyda-memlekettik-kyzmettin-95-elektrondyk-formatta-usynyldy_a3583504”