Максим Раков спорттық карьерасын аяқтады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Әлем чемпионы Максим Раков дзюдодан Қазақстан Республикасының біріншілігінің ашылу салтанатында спорттық карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.



ҚР дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров спортшыға Қазақстан дзюдосына үлес қосқаны үшін естелік кубок табыстады. Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Спорт комитетінің алғыс хатымен марапаттады.


"Барлық дзюдошылар Астанаға Қазақстан Республикасының чемпионатына жиналды. Ресми түрде спорттық карьерамды аяқтайтынымды мәлімдеймін. Бірінші кезекте ата-анама, жаттықтырушыларыма алғыс айтамын. Мәдениет және спорт министрлігіне, Ұлттық олимпиада комитетіне, Конфедерацияға, дзюдо федерациясына әрдайым қолдау білдіргені үшін алғыс білдіремін. Осылайша спорттық карьерам аяқталды. Көп рахмет. Спортымыз гүлдене берсін. Алға, Қазақстан", — деді Максим Раков.



Макисим Раков 2009 жылы 100 келіге дейінгі салмақта дзюдодан әлем чемпионы атанған болатын. 2011 жылы Парижде өткен біріншілікте күміс медальға ие болды. 2007 жылы Азия чемпионатында қола жүлдеиеленсе, 2009 жылы Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ Азия ойындарында 2 күміс, 1 қола медаль алды.


Источник: “https://baq.kz/kk/news/sport/maksim_rakov_sporttik_karerasin_ayaktadi20181113_165500”